Кітаптың тұсаукесері
Алтай аудандық орталық кітапханасында 05 мамыр 2025 жылы Аубакиров Алдияр Ақылбекұлының Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Арғы атаға хат. Жеңіс үшін рахмет» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Кітаптың ашылу салтанатына алғаш болып Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова құттықтау сөз сөйледі.
Кітаптың негізгі мазмұны, мағынасы жайлы Алдияр Ақылбекұлы және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Өскемен қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Геннадий Пуссеп айтып өтті.
Алдияр Ақылбекұлы архив қорына деп өз қолтаңбасымен Алтай филиалының директоры Сейлханов Сабырбек Какенұлына кітабын табыс етті.