Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: деректер және материалдар» атты дөңгелек үстел

2025 жылғы 08 мамырда Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ-сі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесіп «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: деректер және материалдар» атты дөңгелек үстел өткізді.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Калимолдина Ж.А. құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік–гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Р.К. Нұрбекованың, "ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы" КМҚК директорының ғылым жөніндегі орынбасары Кашаку Г., ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Т.В. Шустованың, ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы мемлекеттік архивінің архивисті Н. Сереканкызының баяндамалары тыңдалды.

Іс-шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс - халқымыздың ерлігі мен даңқы.

9мамыр - Жеңіс күні. Жеңіс Күні Құтты Болсын!

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2025
Рейтинг@Mail.ru