Соғыс ардагерімен кездесу
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының директоры Сейлханов Сабырбек Какенұлы және архив қызметкерлері Алтай қаласының соңғы соғыс ардагері Василий Григорьевич Рудометовты Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында құттықтауға барып, шағын сыйлықтарын табыс етіп қайтты. Біз кейінгі ұрпақ осындай батыр ардагерлерімізді қадірлеп, сыйлағанымыз абзал және тағзым етеміз.
Өзінің 98 жасында Василий Григорьевич соғыс кезіндегі естеліктерін көзіне жас ала есіне алды.Кездесу өте ерекше әсерде болды.