Қайрымдылық күні
Қайрымдылық акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету болып табылады.
Қайырымдылық акциясы тек көмек алушылар үшін ғана емес, сонымен қатар көмек көрсететіндер үшін де маңызды. Бұл қиын уақытта жылы қарым-қатынас пен назарды қажет ететін адамдарды ұмытуға болмайды. Үлкен буынға құрмет -халықтың мәдениеті мен тәрбиесінің бейнесі. Қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, қарт адамдарға құрмет көрсетуге үлгі бола білу.
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалының қызметкерлері де осы акцияға белсене қатысты. Архив директоры Сейлханов Сабырбек Какенұлы және архив қызметкерлері Алтай қаласының тұрғындары Кащеева Юлия Владимировна мен Мұқанбет Гүлнұрдың жанұяларына барып, азық-түліктер табыс етті.