Алтай филиалының қызметкерін марапаттау
05.03.2025 жылы 8 наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында Алтай қалалық ішкі істер бөлімінде салтанатты жиын өтті, оған ауданымыздың мемлекеттік мекемелері мен Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Алтай ауданы, Алтай қаласы ПБ-нің қоғамдық көмекшілері алғыс хаттармен ынталандырылды.
Сондай-ақ Шығыс қорғаныс басқармасының бастығы генерал-майор Е.Б. Омарбековтің атынан алғыс хатпен Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалының қызметкері Дворянкина Любовь Николаевна, Ішкі істер органдарының қызметіне белсенді қатысқаны және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін марапатталды.