Алтай филиалында экскурсия және дәріс
Жастарды архивтың құрылу тарихы бойынша ғылыми біліммен таныстыру мақсатында 2024 жылдың 27 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалында «Зырян қаласында архивтың құрылуы» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шараға Алтай қаласындағы «№6 орта мектебі» КММ-нің 6 «Б» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Марина Юрьевна Батуева қатысты.
Оқушыларға арналған дәріс барысында ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкері Н.В. Буробаева Зырян қаласындағы архив тарихы мен құрылуы туралы айтты.
Оқушыларға архивтың рөлі, құжаттарды қабылдау тәртібі, оларды өңдеу, сақтау, Қазақстандағы архивтардың құрылу тарихы туралы айтылды. Балалар белсенділік танытты, ой-өрісі кеңейді, жаңа білім алды, сонымен қатар архив өткен, бүгін және болашақ арасындағы жүргізуші екенін білді.
Жылдар өтіп, архив мекемелерінің атаулары мен бағыныштылығы, еліміздегі архив ісін реттейтін заңдар өзгереді. Бірақ барлық уақытта архивтың негізгі мақсаты - құжаттарды жинау және сақтау болып қала береді.
Архив – елдің шаруашылығын, тұрмыс-тіршілігін, мәдени ескерткіштерін, тыныс-тіршілігін кеңінен айшықтайтын, ғұмыры таусылмайтын тұлғалардың мәңгілік ғұмыр кешуіне ұлттық тарихи мұраның баға жетпес бұлағы. Тарихты архив құжаттарынсыз жазу мүмкін емес.
Архив арқасында уақыт арасындағы байланыс, мәдениет пен қоғамдық өмірдің даму тарихы сақталады. Архивтың мәдени-тарихи ақпарат көзі ретіндегі маңыздылығы да осында. Архив – халқымыздың мақтанышы, болашағымыздың аманаты.