Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Архивист, өлкетанушы, жазушы

2024 жылғы 31 қазанда архив ісінің үздігі, Қазақ КСР еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі Станислав Евгеньевич Черныхқа 90 жыл толады.

          Станислав Евгеньевич өлкетанушы – жазушы, қазақтың еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Шығыс Қазақстан облысының архив қызметін ұзақ жылдар басқарған архив ісінің үздігі. С. Е. Черныхтың зерттеу жұмысының арқасында мемлекеттік сақтауға белгілі шығыс қазақстандықтардың жеке текті құжаттары қабылданды.

          1961 ж. ақпанда ол өзінің еңбек жолын архив мекемелері Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік архивінің ғылыми қызметтік лауазымында бастады. Черных С. Е. басшылығымен «Город рабочей доблести» (Лениногор қаласының 200 жылдығына 1986 ж.) және «Зыряновск» (Зырян қаласының 200 жылдығына, 1990 ж.) жинақтары дайындалып, жарық көрді. С. Е. Черных «С берегов Иртыша» (1981 ж.), «Одна, но пламенная страсть» (1986 ж.), «Под небом Алтая»  (1988 ж.) кітаптарының авторы болды. Бірнеше рет облыстық Мемлекеттік архив ұжымы жүлделі орындарға ие болды және КСРО бас архивінің, Қазақ КСР бас архивінің, Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің грамоталарымен марапатталды.

          Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде 1000-ға жуық істі қамтитын С.Е. Черныхтың ең қызықты жеке қоры сақтауда. Бұл оның өлкеміздің тарихы бойынша бай материал жинау жөніндегі көп жылғы еңбегінің нәтижесі. Құжаттар тарихшы ғалымдарға, журналистерге, жазушыларға, өлкетанушыларға және басқа да зерттеушілерге үлкен сұранысқа ие.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru