«Архивтік құжаттарды насихаттау және пайдалану» тақырыбында семинар
2024 жылдың 22 тамызында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архивтік құжаттарды насихаттау және пайдалану» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты архив мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ практикалық тәжірибе алмасу болды.
Семинарға министрлік өкілдері, Абай, Ұлытау, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы басқарма және мемлекеттік архивтер басшылары мен қызметкерлері қатысты. Құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің басшысы Т.В. Шустова "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивтік фотоқұжаттық көрмелерді дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс тәжірибесінен" атты баяндама жүргізді.
2024 жылғы 23 тамызда Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архив қызметкерлері қатысуымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің өкілдерімен архивтік құжаттарды пайдалану мен жариялау мәселелері бойынша заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің негізгі аспектілері, пайдаланушылардың құжаттамалық деректерге қол жетімділігі талқыланды.