04 маусым-Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні
04 маусым 2024 жылы Алтай қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. 1992 жылы ең алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Бұл күн еліміздің рәміздері - Елтаңба, Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып саналады.
Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отан сүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді.
Осы айтулы күнге орай Шығыс Қазакстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалының кызметкерлері ұжым болып мемлекеттік гимнімізді орындады.