"Тарихтан тағылым – өткенге тағзым"
2024 жылғы 31 мамырда Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ-сі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен бірлесіп саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған "Тарихтан тағылым – өткенге тағзым" атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Басқарма төрағасы – ректор, профессор М. А. Төлеген және ШҚО әкімі аппаратының басшысы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның төрағасы Е. Ж. Нұрғалиев алғы сөз сөйледі.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ қауымдастырылған профессоры, Р.К. Нұрбекованың, профессор, Доржа Банзаров атындағы Бурятия мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының директоры, С.В. Васильеваның баяндамалар тыңдалды.
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ директорының орынбасары Е.В. Костина "Саяси қуғын-сүргін кезіндегі Шығыс Қазақстан: құжаттар куәландырады" атты баяндамамен және Т.В. Шустова "Архивтік құжаттардағы саяси қуғын-сүргін тарихы" баяндамамен сөз сөйледі.