Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні!
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойды.
2024 жылдың 6 мамырында ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының КММ «Мемлекеттік архив» Алтай филиалында, Алтай қаласының № 11 орта мектеп оқушылары мен интернационалист жауынгерлер арасында кездесу ұйымдастырылды. Ауған соғысы ардагерлері, Отанға оралу туралы естеліктерімен бөлісті. Кездесу бірте-бірте достық әңгімеге ұласты. Ал балалардың жадында жауынгерлік борышын абыроймен атқарған сарбаздардың және олардың бүгінде қаза тапқан жауынгер жолдастарының ерліктері туралы естеліктері мәңгі сақталады. Алтай филиалының директоры Сабырбек Кәкенұлы Сейлханов оқушыларға әрқашан болашақты ойлап, өткенді ұмытпауларын тіледі.