Ұлттық киімдер құндылығын арттыру
Халкымыздың ұлттық киімдері заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жаткан асыл қазынамыз.Сонау көшпелі кезеңдерден күні бүгінге дейін қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, көз тартар әсемдігі мен ыңғайлығының арқасында қолданыстан қалмай келе жаткан киімдеріміз де жетерлік. Кез келген ұлтын суйген, саналы азамат халқымыздың ұлттық киімінің мәні мен мазмұнын терең түсініп, оны заман талабына сай өзгертіп, ықшамдап кигенін теріс деуге болмайды.
Наурыз мейрамы қарсанында қазактың ұлттық киімдерін кию акциясын Шығыс Қазахстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасы “Мемлекеттік архив” КММ Алтай филиалы да қолдай отыра, ұлттық киімнің құндылығын арттыру мақсатында жұмыс орындарына камзол, әдемі ою-өрнектері бар жилеттермен келді.