Алтай филиалы архивінде дәріс және экскурсия
2023 жылдың 7 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» Алтай филиалында, Алтай қаласының «Гиппократ» атындағы медициналық колледжінің 1 курс студенттеріне экскурсия өтті. Кездесу барысында «Зырян қаласының тарихы» тақырыбында дәріс оқылды. Олар көне жұмыстардың ізін көріп, осы жердің тарихында өшпес із қалдырған тау-кен шебері Герасим Григорьевич Зырянов туралы әңгіме тыңдады. Шахтаның ашылу нәтижесінде оның жанынан елді мекен ашылды. Міне, осылайша Шығыс Қазақстанның көрікті жерлерінің бірінде орналасқан Зырян (2019 жылдан бері Алтай) – шағын және жайлы қалашық қалыптасты. Оқушылар мұқият тыңдап, қаланың ескі фотосуреттерін ерекше қызығушылықпен қарады.
Студенттер үлкен қызығушылықпен архив ісінің тарихымен танысты, архивке экскурсияға жасап, «Алтай филиалына 60 жыл» құжаттарының фотокөрмесін тамашалады
Болашақ дәрігерлер өткен ғасырлардың құжаттарын қолдарына ұстап, құжат дайындау сапасына баға берді. Алтай филиалында сақталған қорлардағы мәліметтерді алдағы қызметтерінде пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.