Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл мейрамның қазан айында тойлану себебі, күз мезгілі өмірдің күзімен сәйкестендіріледі. Бар білімін, сүйіспеншілігі мен қамқорлығын жас ұрпаққа арнағандарды күз мезгілінде құрметтейміз. Бұл күннің екінші атауы мейірімділік пен құрмет күні деп бекер айтылмаған.

Қарттар күні қарсаңында КММ цифрландыру және архивтер басқармасы «Мемлекеттік архив» Алтай филиалының қызметкерлері архив істері ардагерлерімен мерекелік кездесу ұйымдастырды. Алтай филиалының директоры Сейілханов Сабырбек Кәкенұлы зейнеткерлерді мерекелерімен құттықтады. Ал бұл зейнеткерлерге айтар алғысымыз бен құрметіміздің бір бөлігі ғана. Архив қызметкерлері бұрынғы әріптестеріне мәдени-сауықтыру бағдарламасын дайындады. Шара барысында қонақтар жас буын архивистерімен өздерінің бай тәжірибесімен бөлісіп, даналық кеңестерін берді. Осы адамдар туған жерге, өз отбасына, өз кәсібіне қалай қарау керектігіне үлгі болған адамдар.

Ардагерлер өз кезегінде мұндай қамқорлықтың өздерін тебіренткенін айтып, ізгі тілектерін білдірді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru