Мемлекеттік қызмет көрсету онлайн-жәрмеңкесі
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Instagram платформасында өткен Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкені өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары тікелей эфирде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қолданыстағы нормативтік базаға сәйкес түсініктеме ала алады.
Жәрмеңкені онлайн - форматта өткізу тәжірибесі жоғары тиімділікті көрсетті, өйткені тікелей эфир жанды және белсенді өтті, көптеген сұрақтар қойылды және жедел қаралды, барлық келіп түскен сұрақтар жәрмеңке қатысушыларымен тікелей эфирде жауаптар берілді.