Елбасының жолдауы
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архив қызметкерлері үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдау алаңы ұйымдастырылды.
Елбасы Жолдауда қазіргі әлемнің тез өзгеріп жатқан жағдайында Жаңа Қазақстанның дамуының стратегиялық жолдарын белгілеп, Қазақстанды жүйелі жаңғырту шараларының нақты бағдарламасын айқындап берді.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің ұжымы Елбасы Жолдауында айтылған, еліміздің одан әрі дамуына үлесін қосатын маңызды бастамаларды қолдады.