Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

"Өскемен титан-магний комбинаты" фотоқұжаттық көрме

2023 жылғы 04 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ "Өскемен титан-магний комбинаты" тақырыбында фотоқұжаттық көрме өтті.

Көрме облыстық мемлекеттік архивте сақталған құжаттар бойынша дайындалды: қаулылар, хаттамалар, фотоальбом, жеке қордың құжаттары А.Я. Востокнутова, В.А. Мальцева

Кәсіпорынның іргетасы 1952 жылы қалана бастады. 1952-1957 жылдары комбинаттың директоры Алексей Яковлевич Востокнутов болды. Бүкілодақтық алюминий-магний институты мен мемлекеттік сирек металдар институтының жобасы бойынша ӨТМК құрылысы басталды.

2015 жылғы 27 наурызда Өскемен титан-магний комбинаты зауыттың өнеркәсіптік пайдалануға берілгеніне және титан мен магнийдің бірінші партиясын алғанына 50 жыл толуын атап өтті. Озық ғылыми-техникалық идеялар, жоғары өнімді жабдықтар, түрлі салалардың үздік мамандары қазақстандық титан мен магний өндірісінің негізіне айналды. Бүгінде "ӨТМК " АҚ әлемдік титан нарығының көшбасшысы мәртебесіне ие.

 

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru