Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Алтай филиалы архивінде дәріс және экскурсия

2023 жылдың 21 маусымында ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалында «Алтай қаласының № 2 бастауыш мектебі» жанындағы «Улыбка» лагерінің тәрбиеленушілері архивке экскурсия жасады.

Экскурсия алдында оқушылар Мемлекеттік архивтің мақсаты мен рөлі туралы ақпаратты тыңдады. «Зырян қаласының тарихы» тақырыбында дәріс өткізілді. Олар тау-кен шебері, Зырян кен орындарын барлаушы және ашушы Герасим Григорьевич Зырянов туралы айтып берді, ол көне жұмыстардың ізін тауып, осы жердің тарихында өшпес із қалдырды. Осылайша, Шығыс Қазақстанның көрікті жерлерінің бірінде орналасқан Зырян (2019 жылдан бастап Алтай) – шағын және жайлы қалашығы пайда болды.

Сондай-ақ, оқушыларға архив қоймаларына экскурсия жүргізіп, архив құжаттарының сақталуы қалай қамтамасыз етілетіні туралы айтылды. Экскурсия барысында оқушылар архив қоймаларына қойылатын талаптар, температура мен ылғалдылық, санитарлық-гигиеналық режимдермен танысып, бақылау-өлшеу аспаптарын тамашалады. Құжаттардың сақталуы үшін жарық режиміне қойылатын талаптар туралы айтылды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru