«Аумақты абаттандыру және тазарту бойынша экологиялық акция»
19 мамырда ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалы «Аумақты абаттандыру және тазарту бойынша экологиялық акция» аясында қоғамдық жұмыс күнін өткізді. Біз барлық қала тұрғындарына үлгі ретінде сенбіліктерге қатысуға, қоғамның экологиялық мәселелерін шешуге, туған жерге деген құрметті насихаттауға, айналасына әсемдік сыйлауға шақырамыз.