Семинар
2023 жылғы 21 сәуірде ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ ведомстволық архивтерді жинақтау және бақылау бөлімінің архивистері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 қаулысымен бекітілген ведомстволық және жеке архивтермен Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын қабылдау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына 2022 жылғы 31 тамыздағы № 630, 2022 жылғы 29 наурыздағы № 173 өзгерістерімен және толықтыруларымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары бойынша мемлекеттік органдар – жинақтау көздері үшін семинар өткізілді.