Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

ХҚКО қызметкерлерімен кездесу

2023 жылдың 7 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы Алтай аудандық бөлімінде ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалының қызметкерлері ХҚКО арқылы және электронды үкімет порталы арқылы архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» және «Тұрғылықты жері мен жұмыс өтілі туралы өтініштерді толтырудың дұрыстығы» тақырыбында «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында қажетті мәліметтер беріп семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесті Алтай филиалының директоры С.К. Сейілханов ХҚКО халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша Алтай аудандық бөлімінің басшысы мен мамандарына семинарға қатысып, атсалысып, бірлесе жұмыс жасағандары үшін алғысын білдірді.

Архивист Мазова Ольга Анатольевна еңбек өтілін растау үшін жұмыс жасаған кәсіпорынның, ұйымның, фирманың атауы, жұмыс жасаған жылдарын, лауазымын, тегін өзгертуі туралы, өтініштерді дұрыс толтырудың қаншалықты маңызды екенін айттып өтті.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартып, нәтижелерін көтеру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО Алтай аудандық бөлімінің мамандарымен өзара ынтымақтасып жұмыс жалғастыру туралы шешім қабылдады.

 
 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru