Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

"Шығыс Қазақстан: Тарих және қазіргі заман" VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2023 жылғы 24 ақпанда "С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті" КЕАҚ базасында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ-мен бірлесіп "Шығыс Қазақстан: Тарих және қазіргі заман"атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция қатысушыларына "С.Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан университеті" Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің деканы, профессоры Оразалин С.К. құттықтау сөз сөйледі.

Конференция жұмысына ғалымдар, оқытушылар, өлкетанушылар, архив, мұражай, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Профессор, тарих ғылымдарының кандидаты И.А. Полтораниннің, Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Р.К. Нұрбекованың, PhD докторы, "Астана" университетінің сеньор – лекторы Е.М. Кариевтің баяндамалары тыңдалды.

ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының Мемлекеттік архиві бөлімінің басшысы Т. В. Шустова "Шығыс Қазақстан тарихы архив құжаттарында" баяндама жасады.

Конференция жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар халықты мәдени және рухани тәрбиелеу ісіндегі өлкетанудың рөлін атап өтті, конференция жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Облыстың мемлекеттік архиві қызметкерлерінің іс-шараны ұйымдастыру мен өткізудегі үйлесімді жұмысы атап өтілді. Іс-шараға қатысушылар ғылыми-практикалық білім алмасу мүмкіндігі үшін өлкетану оқуларын ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru