Архивтің Алтай филиалындағы дәріс және экскурсия
2023 жылдың 7 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалында Алтай қаласының кәсіптік техникалық мектебінің 2 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Зырян қаласының тарихы» тақырыбында дәріс оқылды. Архив кызметкерлері көне қазбаларды іздестірген, бұл жердің тарихында өшпес із қалдырған тау-кен шебері Герасим Григорьевич Зырянов туралы әңгімеледі. Осы іздестірудің нәтижесінде шахта мен елді мекен табылды. Осылайша, Шығыс Қазақстанның көрікті жерлерінің бірінде орналасқан шағын және жайлы Зырян (2019 жылдан бастап Алтай) қалашығы пайда болды. Сондай-ақ, студенттерге ғимарат ішінде экскурсия жүргізіліп, архив құжаттарының сақталуы қалай қамтамасыз етілетіні, құжаттарға жарық режиміне қойылатын талаптар туралы айтылды. Экскурсия барысында оқушылар архивке қойылатын талаптар, температура мен ылғалдылық, санитарлық-гигиеналық режимдермен танысып, бақылау-өлшеу аспаптарын тамашалады. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар туындап, оларға жан-жақты жауаптар берілді.