Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

25 қазан - Республика күні

22 қазанда Алтай қаласының Мәдениет және спорт сарайында Тәуелсіздік күні қарсаңында осы айтулы күнге арналған мерекелік концерт өтті. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалының қызметкерлері осы іс-шараға қатысты.

Алтай ауданының әкімі Мұстафин Ернар Рысқазыұлы құттықтау сөз сөйледі, сонымен қатар, мереке қарсаңында Алтай ауданының көрнекті азаматтарын — түрлі қызмет салаларының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Мәдениет және спорт сарайының шығармашылық ұжымдары ұлттық дәстүрді ән-бимен айқын көрсетті. Шығармашылық арқылы құндылықтарды насихаттау жастарды тәрбиелеуде, мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін дамыту мен насихаттауда үлкен маңызға ие.

Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарлама Қазақстан туралы патриоттық әнмен аяқталды.

"Республика күнін жаңғырту-халқымыздың рухын көтеруге және мемлекеттімізді нығайтуға бағытталған өте маңызды тарихи қадам. Бұл ұмытылмас күн біздің азаматтарымыздың өзара түсіністігін, бүкіл халқымыздың еркін өмір мен тәуелсіздікке деген ұмтылысын көрсететін мереке болады".

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru