Республика күніне арналған көрме
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Заңға қол қойғаннан кейін, 25 қазан «Республика күні» ұлттық мереке мәртебесін алады.
12 қазанда Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалы "Казахстан мой край родной - Қазақстан менің туған өлкем" атты көрме өткізді. Көрменің мақсаты - Қазақстан Республикасы деп аталатын елдің бүгінгі күні нені білдіретінін көруге және түсінуге, оның тарихы мен мәдениетін жақсырақ білуге мүмкіндік беру. Көрме үшін біздің өлкеміздің көрікті жерлері мен бай табиғатының фотосуреттері, сондай-ақ ұлттық тұрмыстық заттар пайдаланылды. Архив қызметкерлері біздің өлкеміздің тұрғындарын жылы шыраймен қарсы алатынын көрсетті. Архивші Райса Оңғарбаева әріптестеріне музыкалық құттықтау дайындады. Сондай-ақ, қатысушылар үшін ұлттық тағамдармен дастархан жайылды.
Республика күні - Қазақстанның басты және жалғыз ұлттық мерекесі.