«Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі турлы семинар
2022 жылғы 26, 27 қазанда Абай облысының Семей қаласында «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін пайдаланушыларға арналған Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары үшін офлайн форматта оқыту өткізілді. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің архив істері және құжаттаманы басқару комитеті болды. Екі күндік оқытуға ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ қызметкерлері қатысты. Оқыту форматында ҚБЭА жүйесіндегі проблемалық мәселелер мен жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар қарастырылды.