Қарттар күні
1 қазанда Қазақстанда ерекше мереке – Қарттар күні атап өтіледі. Олар бізге мейірімділік пен қайырымдылықты, жақындарымызға қамқорлық жасауды үйрететін және ұрпақтар сабақтастығының кепілі ретінде қызмет ететін адамдар.
Цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалы қызметкерлері де өз халқының дәстүрлерін құрметтейді және сақтайды. 2022 жылғы 30 қыркүйекте Алтай филиалында қарттар күніне арналған іс-шара өтті. Оған архив ісіне он жылдан астам уақытын арнаған зейнеткерлер мен еңбек ардагерлері шақырылды. Алтай филиалының директоры Сейлханов Сабырбек Кәкенұлы қатысқан зейнеткерлерді мерекелерімен құттықтады. Бұл біздің аға буынымызға бере алатын ризашылық пен сыйластықтың аз ғана бөлігі. Архив қызметкерлері бұрынғы әріптестеріне мәдени-ойын-сауық бағдарламасын дайындады. Іс-шара барысында қонақтар жас буынмен өздерінің бай тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл- кеңестер берді. Дәл осы адамдар Отанға, отбасына, мамандыққа қалай қарау керектігін үлгі етті, олар біздің тәлімгерлеріміз және ұстаздарымыз. Әрине, қарттарды құрметтеу және алғыс айту тек осы күні ғана емес, мұны күнделікті жасау керек. Бірақ дәл осы мерекеде барлық қарт адамдар алғыс сөздерін және ең шынайы жылы құттықтауларды қабылдай отырып, назардың орталығына айналады. Қонақтар бұрынғы әріптестерінің жылы шырайлы кездесуіне риза болды.