Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Алтай филиалы архивінде экскурсия

2022 жылғы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалында "№7 орта мектеп" КММ 10-сынып оқушыларына архив бойынша экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар архив мекемесі жайында және оның мақсаты туралы ақпараттар тыңдады. Архив қызметкерлері оқушыларға Алтай ауданының мемлекеттік архивіне аудан аумағындағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарының, сондай-ақ біздің өлкеміздің барлық кәсіпорындары мен мекемелерінің құжаттары сақтауға келіп жатқанын, бұл Шығыс Қазақстан облысының тұрақты істері сақталатын ең ірі архивтерінің бірі екенін айтты. Зырян ауданы ғана емес, Катонқарағай, Үлкен-Нарын, Самар, Серебрянск аудандарының тарихы бойынша құжаттар сақталатындығы айтылды. Алтай ауданының мемлекеттік архив жұмысының мақсаты-еліміздің тарихын бейнелейтін бірегей құжаттардың ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ету және оған мүдделі әрбір адамға өткен жылдар тарихының саяси, экономикалық, қоғамдық, мәдени аспектілері бойынша ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беру. Экскурсия барысында архив қызметкерлері балалардың назарына архивте сақталған қызықты құжаттарды; 1882 жылғы Алтай өлкесінің шаруа болыстарының шаруашылық статистикалық сипаттамасы кітабының көшірмесін, ҰОС-да қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің тізімдері туралы, архивтік құжаттарды пайдалана отырып дайындалған Зырян қаласының тарихы туралы кітаптар ұсынды.

Сондай-ақ, оқушыларға архив қоймасы бойынша экскурсия жүргізіліп, құжаттардың қалай сақталатыны туралы айтылды.

Архив қоймасына қойылатын талаптармен, температуралық-ылғалдылық, санитарлық-гигиеналық режимдермен танысып, бақылау-өлшеу аспаптарын тамашалады. Құжаттарды сақтау үшін жарық режиміне қойылатын талаптар туралы айтылды. Оқушылардың сұрақтары көп болды, оларға толыққанды жауап берілді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru