Баспасөз хабарламасы
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 «Балалар жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 21 қыркүйекте «Архив және болашақ ұрпақ» Ашық есік күні өткізіледі.
Архивтер не үшін қажет? Бүгін әрбір сауатты адам архив қоғам мен мемлекет өмірі туралы құнды ақпараттық материалдың қоймасы екенін түсінеді.
Өткен уақыттың сабақтарысыз бірде-бір адам қазіргі уақытта өмір сүре алмайды және болашақты құра алмайды. Ондаған жылдар өтіп, саяси жүйелер өзгеруде, бірақ құжаттарды сақтау қажеттілігі барлық уақытта қалады және бұл елдің деректі тарихи мұрасын сақтау жөніндегі міндетті іс архив қызметкерлеріне жүктелген.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде басқарушылық, өлке ұйымдары мен көрнекті адамдарының ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси қызметі бойынша бірегей материалдар сақталған. Архив қоры ұсынған құжаттардың уақыт шегі 1861 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңді құрайды.
Ашық есік күнін өткізу архив саласының негізгі міндеттерінің бірін шешуге мүмкіндік береді – бұл архив қорының құжаттарын танымал ету және оларды кеңінен ғылыми және практикалық пайдалану.
Жобаның негізгі мақсаты: архив құжаттарын пайдалана отырып, балаларды Қазақстан, кіші Отан тарихын зерттеуге кеңінен тарту.
Жобаның міндеті: өсіп келе жатқан ұрпақты ата-бабалардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеуге тарту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру.
Іс-шара бағдарламасына архив бойынша шолу экскурсиясы, архив бөлімдерінің және қызметтерінің жұмысымен танысу, өлке тарихы бойынша тақырыптық фотоқұжаттық экспозициялар енгізілді.
Егер сізді ақпарат қызықтырса, онда Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-не хабарласуыңызды сұраймыз: 070004, Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1 үй, тел. 255976,254310.