Көрме «Соловьево ауылының мерей тойы»
02 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалында Соловьево ауылының құрылғанына 210 жыл толуына орай "Соловьево ауылының мерейтойы" атты көрмесі ашылды. Экспозицияның негізі 1882 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі кезеңді қамтитын Алтай филиалында сақталған жеке текті қорлардан және Зырян қаласының Қазақ КСР тарихы бойынша құжаттар топтамасы құжаттарынан және фотосуреттердің көшірмелерінен құралды. Көрмеге келушілердің назарына өткен жылдардың жарқын оқиғалары туралы баяндайтын бірегей құжаттардың көшірмелері ұсынылды: Бұқтырма болысының 1882 жылғы 1 шілдедегі Соловьево ауылының шаруа болысының шаруашылық статистикалық сипаттамасы, болыста шамаланған шаруалардың санымен сол кездегі аулалардың саны көрсетілген. 1931 жылы Зырян ауданының Соловьево ауылындағы кулак шаруашылықтары мен кулактарының сынып ретінде таратылған тізімінің көшірмесі қойылды. Көрмеге А. Н. Китляйнның кітабынан, ауыл тарихына арналған құнды материалдардан үзінділер пайдаланылды. Көрме Ануфриевтардің сандығында сақталған, қолдан тоқылған кестелермен безендірілді. Соловьево ауылының тағдыры елде болған көптеген маңызды оқиғалармен байланысты. Экспозицияда дарынды және өз ауылына адал қызмет еткен адамдар туралы айтылды. Көрменің алғашқы келушілері Алтай филиалының қызметкерлері болды, қызметкерлер арасында Соловьево ауылының тумасы, туған ауылынан шыққан өнімдерінен дәм татқызды.