Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Конституция куні

Конституция Мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Ол кезде еліміз парламенттік республика моделінде болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Респуликасының Ата Заңы. Ата Заңымыз 1995 жылы 30 Тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Еліміз 1995 жылы қабылданған Конституция негізінде президенттік-парламенттік билікке көшті және әр жылдары бірқатар өзгерістер енгізілді.

27 тамызда Алтай қаласының Мәдениет және спорт сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Алғашқы болып Алтай ауданы әкімінің м.а. С.В. Охременко құттықтау сөз сөйледі. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік Архив" КММ Алтай филиалының қызметкерлері де шақырту алып, Конституция күніне арналған концертті тамашалап қайтты.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru