Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Николай Яковлевич Киргизов – еңбекардагері, КСРО ауылшаруашы-лығығылымдарының кандидаты, «Алтай ЛОС» РМҚК директорының м.а.»

«Николай Яковлевич Киргизов – еңбекардагері, КСРО ауылшаруашылығығылымдарының кандидаты, «Алтай ЛОС» РМҚК директорының м.а.»
(туылғанына 85 жыл) 

Николай Яковлевич Киргизов 1937 жылдың 7 мамырында Куйбышев облысы, Шенталы ауданы, Ескі Шентала ауылында дүниеге келген. Әкесі-Яков Григорьевич (1900-1974 жж.), орман шаруашылығында жұмыс істеген, анасы – Мария Андрияновна (1898-1970 жж.), үй шаруасындағы әйел. Отбасында төрт бала болды: Алексей, Вера, Николай және Иван.
1944-1955 жылдары Николай Яковлевич Шенталин орта мектебінде оқыды. 1956-1961 жылдары М. Горький атындағы Поволж орман техникалық институтында «орман шаруашылығының инженері» мамандығы бойынша оқыды. 1960 жылы институт жанындағы әскери дайындық курсын бітіріп, 1961 жылы кіші лейтенант әскери атағы берілді.
1961 жылдың шілде айында бөлу бойынша Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласына келді. 1961 жылдың 1 тамызынан бастап Н.Я. Киргизов Лениногор орман шаруашылығының орталық орманшылығының орманшысы болып тағайындалды, 1967 жылдың 25 ақпанынан бастап орман шаруашылығының бас орманшысы, 1968 жылдың 11 наурызынан бастап орман шаруашылығының директоры болды, 1969 жылдың 2 қаңтарынан бастап Алтай орман тәжірибе станциясының (Алтай ЛОС) штатына аға ғылыми қызметкер лауазымына ауыстырылды. «Селекция, тұқым шаруашылығы және интродукция» бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 1973 жылдың 1 наурызынан бастап зертхана меңгерушісі, 1976 жылдан бастап аға ғылыми қызметкер болып ауыстырылды.
1964 жылдың сәуірінде Николай Киргизов Кеңес Одағының Коммунистік партиясының қатарына қабылданып, 25 жылдан астам станцияның партия ұйымын басқарды.
Ғылыми жұмыстың негізгі тақырыбын әзірлеу барысында Н.Я. Киргизов ауылшаруашылық журналдары мен ғылыми жинақтарда басылған бірқатар ғылыми еңбектер дайындады. Олардың кейбіреулері: «Кенді Алтай ормандарындағы Сібір майқарағайының кейбір белгілерінің экологиялық өзгермелігі туралы» (1972 ж.), «Кенді Алтайдағы Сібір майқарағай бүрлерінің өзгермелігі туралы» (1973 ж.), «Қазақстан Алтайының ормандарындағы Сібір майқарағай бүрлерінің түрішілік өзгермелігі» (1973 ж.), «Кенді Алтайдағы Сібір майқарағай бүрлерінің өзгермелігі» (1973 ж.), «Қазақстан Алтайының ормандарындағы Сібір майқарағай бүрлерінің өзгермелілігі» (1974 ж.), «Алтай майқарағайларындағы орман тұқымы шаруашылығы» (1974 ж.), «Орман тұқымы плантацияларын және қарағай мен майқарағайдың тұрақты орман тұқымы учаскелерін құру технологиясы» (1974 ж.).
1975 жылға қарай Николай Яковлевич ғылыми тақырыпты әзірлеуді аяқтады, диссертация дайындады және Алматы ауылшаруашылық институтында алдын ала қорғаудан өтті.
1979 жылдың наурызында Киргизов Николай Яковлевичке ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
1981 жылдың 07 тамызында КСРО-ның өнертабыстар мен ашылулар істері жөніндегі мемлекеттік комитеті КСРО Үкіметі берген өкілеттіктердің негізінде «сібір шыршасының тұқымдық екпелерін қалыптастыру әдісі» өнертабысына авторлық куәлік тіркеді, оның авторлары Киргизов Николай Яковлевич және Мосин Владимир Иванович болды.
1983 жылы Н.Я. Киргизовтың басшылығымен «Селекция, тұқым шаруашылығы және интродукция» бөлімінің бір топ қызметкерлері КСРО халық шаруашылығының жетістіктері көрмесіне жұмыстар ұсынды. 1984 жылдың 17 қаңтарында КСРО халық шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін Николай Яковлевич қола медальмен марапатталды. 1987 жылдың 04 наурызында Киргизов Николай Яковлевичке «орман дақылдары, селекция, тұқым шаруашылығы және қалаларды көгалдандыру» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер атағы берілді.
1987-1989 жылдары, сондай-ақ 1992 жылдың ақпанынан 1993 жылдың тамызына дейін Николай Яковлевич Киргизов Алтай ОТС директорының міндетін атқарды. 1988 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Негізгі орман құраушы тұқымдыларды іріктеу және тұқым өсіру бойынша ғылыми әзірлемелермен айналысуды жалғастырды.
1971-1990 жылдар аралығында Н.Я. Киргизов 20 – дан астам авторлық ғылыми еңбектер, Алтай ОТС ғылыми қызметкерлерімен бірлескен авторлықта-30 жұмыс жазды. 1993 жылдың тамызында Николай Яковлевич зейнетке шықты, бірақ 2003 жылдың ақпанына дейін Алтай орман тәжірибе станциясының директоры қызметін атқарды, сонымен қатар ғылыми жұмыстарымен айналысты.
2012 жылы Николай Яковлевич 1970 жылдардың басында дами бастаған «Оңтүстік Алтай, Саур және Қалба таулы ормандарындағы орман алқаптарын кадастрлық-экономикалық бағалау бойынша ұсыныстары» жарияланды. Бұл жұмыс аймақ үшін эксклюзивті және мүлдем жаңа деп танылды. Сол жылы «Кенді Алтай тау-тайга аймағының жұмсақ жапырақты туынды сүрекдіңдерін қалыптастыру үшін ағаш кесу бойынша ұсыныстар» шықты (авторы А.А. Калачев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты; техникалық редактор Н.Я. Киргизов ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты).
Николай Яковлевич орман ғылымындағы ұзақ, адал және жемісті еңбегі үшін Алтай орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты әкімшілігінің (кейіннен орман шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аграрлық-өнеркәсіптік кешенді және аграрлық ғылымды дамыту стратегиясы департаментінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен және құттықтау хаттарымен марапатталды.
Киргизов Николай Яковлевич, еңбек ардагері, КСРО ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты 2018 жылдың 1 сәуірінде қайтыс болды.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru