Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Юрий Николаевич Нестерок – еңбек ардагері, «Комсомол прожекторын» ұйымдастырушы, «Лениногорсксвинецстрой» тресінің комсомол және кәсіподақ қозғалысының ардагері»

«Юрий Николаевич Нестерок – еңбек ардагері, «Комсомол прожекторын» ұйымдастырушы, «Лениногорсксвинецстрой» тресінің комсомол және кәсіподақ қозғалысының ардагері»
(туылғанына 80 жыл) 

Юрий Николаевич Нестерок 1942 жылдың 1 мамырында Қарағанды облысы Балқаш қаласында қызметшілер отбасында дүниеге келген. Әкесі – Николай Прокофьевич, 1905 жылы туған, техник-нормалаушы, анасы – Татьяна Ивановна, 1917 жылы туған, трест басқармасының кадр бөлімінің инспекторы, әпкесі Нина (1948 жылы туған). Балалардың жиі сырқаттануына байланысты 1950 жылы отбасы Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласына көшті.
Ю.Н. Нестерок Островский атындағы № 1 мектепбінде оқыды, із ашар болды. Юрий Николаевичтің еңбек жолы әкесі қайтыс болғаннан кейін басталды – 16 жасында, ол «Лениногорсксвинецстрой» трестінің «Күлбытстрой» құрылыс басқармасында жұмыс істей бастады. Жоғарғы Хариузов су электрстанциясында (ГЭС) қаланың шаруашылық ішетін науасының, Мәдениет сарайының, Лениногор жылу электр орталығының (ЖЭО), Лениногор мырыш зауытының құрылысына қатысты.
1961 жылдың шілдесінде Юрий Нестерок Бүкіл одақтық Лениндік Жастар Одағының мүшесі болды, А.Я. Тухватулиннің прораб учаскесінде группсоргом болып сайланды, «Комсомольский прожектор» постының Комсомол тобын ұйымдастырды. № 7 қамқорлыққа алынған мектепте өндіріс озаттарының Комсомол жетекшілерін-пионер тәлімгерлерін басқарды.
1962 жылдың қарашасынан 1965 жылдың желтоқсанына дейін Кеңес Әскері қатарында Орта азиялық әскери округінің әскерлерінде қызмет етті. Екі реет әскери бөлімнің комсомол ұйымының хатшысы болып сайланды, Кушка бекіністі қаласында округтік комсомол конференциясына қатысты, бірнеше реет әскери бөлім қолбасшылығының грамоталарымен марапатталды.
Демобилизациядан кейін Юрий Николаевич Лениногор қаласына, туған тресіне, мырыш зауытының құрылысына оралды.
1966 жылдың 20 қарашасынан бастап Ю.Нестерок «Лениногорсксвинецстрой» тресінің комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды. Комсомол ұйымының өсуі (1000 адамға дейін), комсомолдар белсенділігінің нәтижесінде трест комсомол комитеті аудандық комитет құқығын алды.1967 жылдың қыркүйегінде Юрий Николаевич Челябинск қаласында өткен Бүкіл одақтық комсомол құрылысының жетекшілері семинарына қатысты. 1967 жылы Лениногор қаласында «Әкелер даңқы жолдарымен» Республикалық слетін ұйымдастыру және өткізу бойынша жедел штаб мүшесі болды.
1967 жылдың 27 қарашасынан бастап Ю.Нестерок шаруашылық жұмысына – «Промстрой» құрылыс басқармасына шебер болып оралды (қаланың тазарту имараттарының, спорт мектебінің, оқушылар техникасы үйінің асханасының, геологиялық-барлау экспедициясы басқармасының құрылысы жүргізілді). Қалалық комсомол комитетінің мүшесі болып сайланды. 1967-1989 жж. комсомолдық, кәсіподақ ұйымдарынан XVII, XVIII Шығыс Қазақстан облыстық комсомол конференцияларына, құрылыс және өнеркәсіп құрылыс материалдары жұмысшылары кәсіподағының XV Шығыс Қазақстан облыстық конференциясына, XXVII, XXX, XXXII, XXXIII, XXXIV, XXXVI, XXXVII есеп беру-сайланбалы қалалық комсомол конференцияларына, Лениногор қалалық комсомол комитетінің пленумдарына, V Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс және өнер кәсіп құрылыс материалдары жұмысшылары кәсіподағының конференциясына, Лениногор полиметалл комбинатының VI комсомолдық конференцияларына, «Ленино-горсксвинецстрой» трестінің VII, IX, XIII комсомолдық конференцияларына, «Білім» қоғамының XVI Лениногор қалалық есеп беру-сайлау конференциясына  делегат болыпсайланды.
1969 ж. Ю.Нестерок Қарағанды қ. Қазақстанның соқпалы құрылыс прожектористерінің Республикалық семинар-кеңесінің қатысушысы болды. 1970 жылдың 08 қыркүйегінде Бүкілодақтық Ленин Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің «Комсомолдағы белсенді жұмысы үшін» Бүкіл одақтық төсбелгісі мен марапатталды. Комсомолдық белсенді жұмысы үшін Юрий Николаевич БЛКЖО ОК, Қазақстан ЛКЖО ОК, Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитеті бюросының, Лениногор қалалық Жастар Одағы Лениногор қалалық комитеті бюросының, «Лениногорсксвинецстрой» трестінің комсомол комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
1971 жылы Юрий Нестерок Кеңес Одағы Коммунистік партиясының мүшесі болып қабылданды. 1971 жылдың 18 қазанында «Лениногорсксвинецстрой» тресінің партиялық комитетінің ұсынысы бойынша Юрий Николаевич трест кәсіподағының біріккен комитеті төрағасының орынбасары болыпсайланды. 1976 жылдан Тресттің кәсіподақ активінің мектебін басқарды.
1976 жылдың 29 наурызында Юрий Николаевич «Халықтық бақылау органдарындағы белсенді жұмысы үшін» Құрмет белгісімен, 1988 жылдың 10 қазанында «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» Бүкіл одақтық белгісімен, кәсіподақтардың Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Кәсіподақ жұмысында Ю.Н. Нестерок 23 жыл жұмыс істеді (1994 ж. 31 желтоқсанына дейін). Осы уақытішінде ол Тресттің аса маңызды құрылыс объектілерінде: гидрокомлекс, мырыш зауытының вельцкомплексі, Тишин кеніші, № 2 байыту фабрикасы, № 14, № 3 мектептердің құрылысы, 3, 4 шағын аудандардың іске қосу тұрғын үйлері, жер сілкінісінен кейін Марқакөл ауданы Қарой кентінің және т.б. жұмыстарына жетекшілік етті.
1995 жылдың 1 қаңтарында Юрий Николаевич «Лениногорсксвинецстрой» құрылыс акционерлік қоғамына бас диспетчер болып ауыстырылды, 1997 жылдың 4 қаңтарында – «ЛСС» САО тарату комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. 1997 жылдың 1 мамырыңда зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылды және осы санмен «ЛСС» САО кәсіподағының Біріккен комитетінің кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қабылданды. 1998 жылдың 30 шілдесінде Юрий Николаевичке Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар кеңесінің «кәсіподақтар лауреаты» белгісі берілді.
Юрий Николаевич Нестерок «Лениногорсксвинецстрой» тресінің салынып жатқан объектілерінде еңбекті адал атқарғаны, өндірісті және социалистік жарысты ұйымдастырғаны және жария еткені үшін: «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жиырма жыл» (1965 ж. 30 қазан), «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» (1970 ж. 26 наурыз) «Еңбек ардагері» (1990 ж. 20 наурыз) медальдарымен, үкіметтік наградаларға ие болды, трестің Құрмет Кітабына үш мәрте енгізілді (1956 ж. 21 ақпан, 1962 ж. 16 сәуір, 1997 ж. 10 тамыз).
Юрий Николаевич Нестерок зейнетте «Лениногорсксвинецстрой» тресінің жұмыс істеген кезеңінде (1950-1990 жж.) құжаттар мен фото құжаттарды жүйелеу бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Ол үш альбом шығарды: Тресттің партиялық, комсомол және кәсіподақ ұйымдары туралы. 2005 жылы ол «құрылысшылар» тарихи-деректі очеркінің жұмыс нұсқасын жасады.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru