Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ-де 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 77 жыл толуына орай «Тыл майданында» атты фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының барлық халықтары үшін, соның ішінде қазақ халқы үшін де үлкен сынақ болды. Көрнекті әскери жетекші, соғыс батыры Бауыржан Момышұлы: "Соғыс миллиондаған отандастарымыздың жүрегінде өшпес із қалдырып, қазақ халқының тарихына да түбегейлі өзгерістер әкелді"-деп жазды.

Соғыс кезінде көптеген қаһармандық істер мен ерліктер жасалынды. Отанымыздың жауынгерлері жаппай ерлік танытып, ал тыл адамдары: "бәрі де майдан үшін — бәрі де жеңіс үшін!» деп күндіз-түні тынбай еңбек етті.

Жақсы дайындалған және жабдықталған жаумен күрестің нәтижесі тек соғыс майданында ғана емес, сонымен қатар кен орындарында, байыту фабрикаларында, балқыту пештерінде, нан алқаптарында да шешілді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері соғыс жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі туралы "Тыл майданында" атты фотоқұжаттық көрме дайындады.

Көрмені дайындау барысында ШҚО мемлекеттік архиві қорларының  құжаттары пайдаланылды.

Көрме 5 тақырыптық бөлімнен тұрады:

1. «Ауыр сынақтар кезеңі» - өмірді әскери жолмен қайта құру туралы.

2. «Шығыс-мейірімділік мекені» -майдан жанындағы аймақтан эвакуацияланған адамдарды қабылдау, эвакуацияланған кәсіпорындар мен мекемелерді орналастыру және іске қосу туралы. Эвакогоспитальдардағы медицина қызметкерлерінің жұмысы туралы.

3. «Өндірістегі ерен еңбек» – металлургтердің, шахтерлердің, әртүрлі мамандықтағы жұмысшылардың ауыр және жанқиярлық еңбегі туралы.

4. «Колхозшылар - майдан үшін»- армияны азық-түлікпен қамтамасыз етудегі малшылар мен диқандардың үлесі туралы.

5. «Жеңіске қосылған үлес»- армияның қажеттіліктеріне қаражат жинау үшін халықтың патриоттық қозғалысы туралы.

 

 

Егер сізді аталған ақпарат қызықтырса, Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ-не хабарласуыңызды сұраймыз: 070004, Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1 үй, тел.255976, 254310.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru