Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Кеңес Одағының Батырлары» фотоқұжаттық көрме бойынша экскурсия

Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалында 2022 жылдың 05 мамырында архивист Д.П. Тиличенкомен «Кеңес Одағының Батырлары» (Кеңес Одағының Батырлары Лев Михайлович Рощин, Александр Александрович Колчин және Иван Михеевич Астафьевтің туғанына 100 жыл толуына орай) фотоқұжаттық көрме бойынша экскурсия өткізілді.

Экскурсия барысында Риддер қаласының «№ 1 мектеп-лицейі» КММ 4 сынып оқушылары 24 адам санымен Лев Михайлович Рощиннің және Кеңес Одағының Батырлары – лениногорлықтар Александр Александрович Колчиннің және Шемонаиха ауданының Кеңес Одағының Батыры Иван Михеевич Астафьевтің балалық шағы, отбасы, ерлігі, және майдандық ерліктері туралы білді.

Оқушылар кейіпкерлердің жеке және майдандық фотосуреттерімен, сондай-ақ марапаттау құжаттарымен қызығушылықпен танысты.

Экскурсия соңында балалар сұрақтарға жауап беріп, осы тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Балалардың жауаптары Батырлардың, олардың майдандағы ерліктерін мұқият тыңдап, есте сақтағанын, сондай-ақ олар Кеңес Одағының Батыры атағын не үшін алғандарын көрсетті. Олардың аттарымен аталған көше мен мектептің орналасқан жері туралы ақпарат алды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru