Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл

Жыл сайын 23 маусымда қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін полицейлер күні аталып өтіледі. Бұл күн тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүргендерге, қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға ризашылық пен алғыс білдіру күні болып саналады.

Ішкі істер органдары - мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі.

Қазақстан полициясы күнінене орай Алтай каласында «Горняк МБУО»-да мерекелік іс-шара өткізілді. Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Аскарова алгашкы құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектері үшін тәртіп сақшылары мен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті.

Полиция бөлімі бастығының орынбасары А.Катчебаев барлық полиция қызметкерлерін мерекелерімен құттықтай отырып, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және ардагерлеріне алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті. 

Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта береді.

 

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru