Тыл майданында
2022 жылдың 12 мамырында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» ҚҚМ-де 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 77 жыл толуына орай «Тыл майданында» атты бейнесабақ және фотоқұжаттық көрмесінің презентациясы өтті.
Іс-шараға С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жоғары колледжінің мұғалімдерімен студенттері қатысты.
Шығыс Қазақстан тұрғындарының фашистік Германияны жеңудегі қосқан үлесі жайлы көрменің презентациясын, облыстық мемлекеттік архивтің құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің архивистері Адилбекова Бақытгүл Қабдыслямовна және Капитанова Шарбану Қасымбековна өткізді.
Көрмеде көрсетілген құжаттар, фотосуреттер, соғыс жолдарындағы плакаттар өмірді әскери жолмен қайта құру, майдан жанындағы аймақтан эвакуацияланған адамдарды қабылдау, эвакуацияланған кәсіпорындар мен мекемелерді орналастыру және іске қосу, эвакогоспитальдардағы медицина қызметкерлерінің жұмысы, металлургтердің, шахтерлердің, әртүрлі мамандықтағы жұмысшылардың ауыр және жанқиярлық еңбегі, армияны азық-түлікпен қамтамасыз етудегі малшылар мен диқандардың қосқан үлесі, армияның қажеттіліктеріне қаражат жинауға арналған халықтың патриоттық қозғалысы туралы фактілерді бейнелейді.