Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Алтай ауданы топонимдері бойынша зерттеулер

Шығыс  Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалының оқу залында филология Ғылымының кадидаты, Семей қаласы «Alіkhan Bokeіhan Unіversіty»-нің филология кафедрасының доценті Гайнуллина Фарида Ахметқызы және Түркология саласы бойынша PhD, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті « Халықаралық ынтымақтастық орталығының» директоры Қасымова Әсем Аленқызы жұмыс жасады.

Жұмыс мақсаты - 1900-2022 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы ономастикалық кеңістігі, соның ішінде Алтай ауданы топонимдері бойынша ақпарат жинақтау, яғни жер-су мен өнір, қала, ауылдардың әуелгі тарихи атауларын түгендеу, олардың қайсысы сақталған, қаншасы өзгертілген және қай кезде нендей себептермен кім өзгерткенін зерттеу болды.

Ономастикалық атаулардың өз дәуірімен сабақтас арғы тегінде тарихи оқиғалардың желісі жататыны белгілі. Елімізде бұл сала «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен реттелуде.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru