Алтай ауданы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі комиссия мүшелерінің кездесуі
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалының ғимаратында Алтай ауданы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі комиссия мүшелерінің кездесуі өтті, онда Алтай филиалының директоры Сабырбек Кәкенұлы Сейлханов қатысушылардың алдында сөз сөйледі: "Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген халықтар үшін қазақ жері өз үйлеріне айналды. Ата-бабаларымыздың ерлігі мен шыдамдылығы ауыр сынақтардан лайықты өтіп, біртұтас ұлтқа бірігуге мүмкіндік берді...", "қуғын-сүргінге ұшырағандардың арасында, еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан адамдар болуы мүмкін. Оларды біздің ұрпақ білуі керек". Сондай-ақ, Алтай филиалында саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы мәліметтер бар құжаттарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.