Мемлекеттік рәміздер күні
2022 жылдың 3 маусымында Алтай қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Патриотизмді нығайтудың маңызды факторларының бірі Мемлекеттік рәміздерді бағалау болып табылады. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толды. Алтын күн мен қалықтаған қыран бейнесі бар көгілдір ту және ортасында барлық Қазақстандықтар үшін ортақ үйдің символы ретінде шаңырақ бейнесі орналасқан, елтаңба әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа тәуелсіз мемлекеттің бейнесін көрсетті. Әрине, 2006 жылдың қаңтарынан бастап әнұраны болып табылатын «Менің Қазақстаным» еліміздің әнұраны да бар. Осы іс шараға Алтай филиалының қызметкерлері Онгарбаева Р.Ж. мен Байбатырова А.Қ. қатысып қайтты. 4 маусым күні Алтай филиалының қызметкерлері сағат 10-00-де Мемлекеттік әнұранды орындау бойынша бір сәттік "бұл біздің Әнұран" акциясын өткізді.