Оқу залында
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалының оқу залында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институнының ғылыми қызметкері, кулактарды, байларды, жартылай феодалдарды және шаруаларды оңалту жөніндегі қорытындыны және ұсынымдарды зерделеу, дайындау жөніндегі Республикалық жұмыс тобының мүшесі, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын тарих және этнология институтынан толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі- Смағұлова Анар Мырзағалиқызы жұмыс жасады. Кулактар мен байлардың мүлкін тәркілеу, жою туралы Зырян, Катонқарағай аудандары мен бұрынғы Семей облыстары бойынша тізімдер туралы ақпараттар алды.
Ауыл тұрғындарын антисоветтік науқандарын дайындауды өткізуге кедергі келтіргендері үшін айыпталған сот істерін тауып фотокөшірмелерін алды.
Азаматтардың өз бостандығы мен мүлкі үшін күрескен өтініштерін тауып сканерлеу Анар Мырзағалиқызының архивтегі жұмысының маңызды жетістіктерінің бірі болды. Құжаттарды қарау барысында Зырян және Катонқарағай аудандарының кулактары мен байларының деректер базасын құру үшін 4000-ға жуық фотокөшірме жасалды, олар қуғын-сүргінге ұшырағандардың дербес деректеріне енгізілетін болады: туған жылы, отбасы құрамы, сотталғандығының болуы, Ақтардың қозғалысына қатысуы және шаруашылық жағдайы жазылады. Жоба басшылығының деректер базасын құрудан басқа кулактарды қуғын-сүргін мәселесі бойынша құжаттар жинағын құрастыру мүмкіндігі болады. Ғылыми мақалалар мен деректерді әзірлеу жоспарлануда.