Наурыз мерекесі
2022 жылдың 2 сәуір күні аудан орталығы Қалбатау ауылында Ұлыстың Ұлы күніне арналған Наурыз мерекесі атап өтілді. Мерекеге жиналған өңір тұрғындарын Жарма ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтады.
Өңірдегі ауа райының жайсыздығынан Наурыз мерекесін тойлау сәуірдің екісіне ауыстырылды. Аудан халқы осы жайма шуақ, күн жылынған уакытта түрлі спорттық сайыстар мен жергілікті өнерпаздардың ән-биін тамашалап, ерекше көңіл күймен атап өтті. Атап айтар болсақ, арқан тарту, ләңгі тебу ойын түрлері мен көкпар ұйымдастырылды.
Кең көлемде аталып өткен Наурыз мерекесі кұтты болып, өлкемізге бақ-береке, молшылық пен ырысын ала келсін!