Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

О.Б. Малдыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай (1922-2010жж.)

2022 жылдың 10 сәуірінде Өскемен қаласының құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО журналистер одағының мүшесі Оралбек Бейсембайұлы Малдыбаевтыңтуғанына 100 жыл толады.

О.Б.Малдыбаев 1922 жылы 10 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Көк-Жота ауылында кедей шаруа Бейсембай Мекебаевтың отбасында дүниеге келген.

Бейсембайдың інісі Мекебаев Малдыбайдың өз балалары болмағандықтан ағасының Оралбек атты үлкен ұлын асырап алып, оған Малдыбаев тегін береді.

Оралбек Казнаковка ауылының бастауыш мектебін, кейін Самар ауданы Бастаушы ауылының толық емес орта мектебін бітірген. Оралбек сабақты жақсы оқыды, өлең жазды, мектеп қабырға газетінің редакторы болды.

ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы қуғын-сүргін толқыны О.Б.Малдыбаевтың отбасына да әсер етіп, 1937 жылы Малдыбай Мекебаев тұтқындалды. 1937 жылы 27 қарашада айып тағусыз УНКВД үштігінің қаулысымен атылды. Малдыбай Мекебаев 1957 жылы 8 мамырда қайтыс болғаннан кейін ақталды.

«Халық жауының» баласы Оралбек Бейсембайұлы Малдыбаевтың жастық шағы сынаққа толы болды: комсомолдан, оқудан шығарылды, жұмысқа ешқайда қабылданбады. «Көкжота» колхозының бригадасына есепші болып әрең орналасты. 1938 жылы мектепке қайта оралып, келесі жылы оқуын бітірді.

О.Б.Малдыбаев бір жылдық мұғалімдер даярлайтын курсты бітіріп, Жаңажол толық емес орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді.

1941 жылы Семей педагогикалық техникумы екі курсының емтихандарын бір жылда тапсырып, бітірді.

1941 жылы маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Оралбек Малдыбаев сол кездегі ұрпақтардың тағдырымен бөлісті: 1941 жылы желтоқсанда өз еркімен майданға аттанып, ауыр жараланып, әскерге жарамсыз болғандықтан, 1943 жылы қыркүйекте Шығыс Қазақстанға оралды.

Майданнан оралған соң оны Самар ауданының Бастаушы орта мектебінің директоры қызметіне жіберілді.

Осылайша О.Б.Малдыбаевтың сайланбалы комсомол, кәсіподақ және партия жұмыстарында 40 жылдық еңбек жолы басталды.

1944 жылы Зайсан аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

1946-1948 жылдары Мәскеу жоғары комсомол мектебінде оқыды.

Оқуды бітіргеннен кейін О.Б. Малдыбаев комсомол және партия саласында әртүрлі қызметтерде істеді: Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің үгіт-насихат жөніндегі хатшысы, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, түсті металлургия кәсіподағының Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Күршім, Тарбағатай, Таврия, Ұлан аудандық партия комитеттерінің басшылық лауазымдары.

1969-1984 жылдар арасында Оралбек Бейсембайұлы Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Осы қызметте жұмыс істеу барысында О.Б. Малдыбаев Өскемендегі мәдени-ағарту училищесінің, облыстық этнографиялық мұражайдың ашылуына, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың салынуына үлкен үлес қосты. Шығыс Қазақстан облысының аймақтарында халық театрлары, ансамбльдер, оркестрлер, үгіт-насихат театрлары құрылды.

Еңбек сіңірген демалысқа кеткеннен кейін О.Б. Малдыбаев белсенді қоғамдық қызметін әрі қарай жалғастырды: облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінде жұмыс істеді, жастар тәрбиесі жөніндегі комиссияны басқарды, облыстық ақсақалдар Кеңесі және Шығыс Қазақстан облысы халқының Кіші ассамблеясының мүшесі болды. Қазақстан Республикасы «Қайырымдылық және денсаулық» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы болды.

Оралбек Бейсембайұлы Малдыбаев Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен еңбектегі кәсібилігі үшін 4 орденмен және медальдармен - 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» және т.б. медальдарымен марапатталған.

2006 жылғы Өскемен қалалық мәслихатының XXV сессиясының шешімімен О.Б.Малдыбаевқа «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

О.Б. Малдыбаев жеке құжаттарын Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивке мемлекеттік сақтауға тапсырды.

О.Б. Малдыбаевтың жеке құжаттар қоры тарихшыларды, зерттеушілерді қызықтырады, оның ішінде 1960-1984 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысындағы мәдениеттің дамуы туралы материалдар ерекше құнды болып саналады.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru