Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Архивпен танысу

2022 жылдың 03 наурызында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің "Журналистика" факультетінің 1 және 2 курс студенттері танысу және экскурсия үшін практикалық сабақ аясында оқытушылары Қасымов Айтмұхамбет Қасымұлының басшылығымен Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ-де болды.

Студенттерге сабақтар мен экскурсияларды өткізу архивтің жақсы дәстүрлерінің біріне айналды. Бұл көрнекі ақпарат алуға мүмкіндік береді және қызықты әрі қолжетімді етеді.

Архив құжаттарын жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің бастығы Татьяна Владимировна Шустова студенттерге архив тарихы туралы, Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік архивінің сақтауында облысымыздың тарихы, ұйымдар мен кәсіпорындар қызметі бойынша бірегей материалдар, сондай-ақ өлкеміздің ұлы тұлғалардың жеке қорлары бар жөнінде айтып берді.

Мұрағат қоры ұсынған құжаттардың уақыттық шегі 1861 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңді құрайды. Облыстың мемлекеттік архиві мен оның филиалдарының ақпараттық потенциалы бүгінгі күні 3640 қорды, 1 506 618 сақтау бірлігін құрайды.

Болашақ журналистерге көмек ретінде архив біздің облыста 1935 жылдан бастап басылып шыққан газеттермен танысуды ұсынады - 119 атауы мен 1510 сақтау бірлігігінде: "Колхоз туы " (Тарбағатай, Зайсан аудандары), "Большевиктік колхоздар үшін", "Путь Ильича", "Сталинское знамя", "Большевик Алтай", "Бұқтырма правда", "Риддер рабочий" және т.б. Облыс архивінде 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы туралы құжаттар ерекше орын алады, осы материалдар коптеген жинақтар дайындалып баспаға шығарылды.

Архивист А.С. Шаихова студенттерді архивтің оқу залының жұмысын ұйымдастыруылумен таныстырды. Архив қорларының құрамы туралы мәліметтерді, ондағы топтастырылған және жүйеленген ғылыми-анықтамалық материалдарды көрсетті, сондай-ақ архивтің құрылымдық бөлімшелері мен архивтік қоймасына экскурсия жүргізді.

Іс-шара соңында студенттер архив фойесіндегі ашық фотоқұжаттық көрмені "Алаш туы аясында. Алаш – начало пути " тақырыпты бойынша аралады.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru