Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ағалымбеков Қабетайдың жеке тектік құжаттары

Жарма филиалы Ұлы Отан соғысының ардагері Ағалымбеков Қабетайдың жеке тектік құжаттарымен толықты.

Ағалымбеков Қабетай 1915 жылы Қазақ КСР Семей облысы Жарма ауданы Терентьевка ауылында колхозшы отбасында дүниеге келген.

1940 жылы қараша айында Ағалымбеков Қабетай Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 202-артиллериялық полк қатарында қатардағы жауынгер ретінде әскери борышын өтеді. Ағалымбеков Қабетай 1944 жылы наурызда жаралануына байланысты демобилизацияланады.

1985 жылы І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Төрт бала тәрбиелеп өсірді, жеті немере, он төрт шөбере сүйіп отыр.

1993 жылы 25 қаңтарда 77 жасында дүниеден өтті.

Ағалымбеков Қабетайдың өмірбаяны, немересі Қабитаев Айдар жазған, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен, мерекелік медальдарымен: «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне 20 жыл», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске отыз жыл», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қырық жыл», «Қазақстанның Қарулы Күштеріне 70 жыл». «1-дәрежелі Отан соғысы», партия билеті, КПСС мүшесінің тіркеу билеті, Қазақстан Компартиясы Жарма аудандық комитетінің Алғыс хаттары, Қазақстан Компартиясы Жарма аудандық комитетінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына, Жеңістің 35 жылдығына арналған, Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығына арналған Қазақстан Компартиясы Жарма аудандық комитеті, Қазақстан Компартиясы Жарма аудандық комитетінің құттықтау хаттары.

Ағалымбеков Қабетайдың жеке тектік құжаттарын немересі Қабитаев Айдар 2022 жылы ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Жарма филиалына мемлекеттік сақтауға өткізген.

Бізге ең қымбат дүниелерді сеніп тапсырған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің балалары мен немерелеріне алғысымыз шексіз. Соның арқасында ұрпақтары батырлар туралы білетін болады.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru