Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

"Наби Кульчаманович Жақсыбаевтың туғанына 110 жыл" тақырыбында дәріс

2022 жылдың 28 ақпанында техника ғылымдарының кандидаты, Социалистік Еңбек Ері, Зырян қаласының Құрметті азаматы, Зырян қорғасын комбинатының бұрынғы директоры Жақсыбаев Нәби Кульчаманұлының дүниеге келгеніне 110 жыл толды. Мерейтой қарсаңында ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалының қызметкері С. Станских "Алтай қаласының № 8 мектебі" КММ-нің 7 кадет сыныбының оқушылары үшін Алтай қаласының Орталық балалар кітапханасының ғимаратында "Наби Кульчаманович Жақсыбаевтың туғанына 110 жыл"тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында архивист С. Станских оқушыларды Н.К. Жақсыбаевтың қиын тағдыры туралы, Зырян қорғасын комбинатының алға жылжуына, сондай-ақ Алтай қаласының келбетін дамытуға және көркейтуге қосқан зор үлесі туралы айтып берді. Қорытынды бөлімде балаларға Н.К. Жақсыбаевқа арналған бейне ролик ұсынылды, өткен іс-шараның мақсаты жас ұрпақтың, өзінің кіші Отанының өткенін құрметтеуге бағытталған.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru