Алтай филиалының мәжілісі
2021 жылдың 22 желтоқсанында Алтай филиалының мәжілісі құттықтаудан басталды. Салтанатты рәсімге кіріспес бұрын, Алтай филиалының директоры Сейлханов Сабырбек Кәкенұлы архив қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында алғаш рет атап өтілетін, "Архивистер күні" кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбектерімен, өз істеріне деген сүйіспеншілігі үшін алғысын білдірді. Шығыс Қазақстан Облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ директоры С. Рахметовтың атынан архивистер Қ. Базилова, О. Губарева, Л. Дворянкина, Қ. Нүрпеиісова, грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар Алтай филиалының директоры С.Сейлхановтың атынан архивистер Я. Станских,О. Мазова, А. Байбатырова, К. Левин, М. Зайцева, М. Абишева грамоталармен марапатталды. Салтанатты бөлім өткізілгеннен кейін мәжіліс жұмыс тәртібінде жалғасты, Алтай филиалы қызметкерлері 2021 жылдың қорытынды есептерін талқылады. Архивистер О. Губарева, Т. Козлова, Қ. Базилова,А. Байбатырова баяндама жасады.