Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Архив – ғасырлар шежіресі, келешек күндердің алтын бесігі

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан архивтер күнімен құттықтаймыз! 

Қазақстандық Архивтер қауымдастығының ажырамас бөлігі бола отырып, сіздер біздің аймағымыздың деректік мұрасын көбейтуге лайықты үлес қосудасыздар. 

Архивист мамандығы әрқашан қоғам, мемлекет және өзінің өткенін, бүгіні мен болашағын ойлайтын Қазақстан азаматтары үшін сұранысқа ие болды және солай бола бермек. 

Архивистердің ежелден жалғасып келе жатқан ерен еңбегінің арқасында ақпараттық материалдардың орасан зор көлемі сақталуда, көбеюде және белсенді пайдаланылуда. 

Шығыс Қазақстан архив ісінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесіңіз үшін, өз ісіңізге салған жан-тәніңізбен беріліп, адал қызмет жасағаныңыз үшін шынайы алғысымызды және шексіз құрметімізді білдіреміз! 

2020 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндерді бекіту туралы" қаулыға өзгерістер енгізді - мерекелік күндер тізбесіне архивтер күні ресми түрде енгізілді.

Бұл архивистердің көп жылғы, қажырлы еңбектеріне қоғам мен мемлекеттің көрсеткен құрметі.

Сізге әрі қарай да даңқты дәстүрлерді мұқият сақтап, көбейтуді тілейміз!

 Сізге және жақындарыңызға жұмыста тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенімділік, мұрағат қызметінің қарқынды дамуын және оның әлеуметтік маңыздылығын лайықтыдеп тануды, оптимизмді, сізге және жақындарыңызға сарқылмас денсаулық пен бақыт тілейміз! 

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві ұжымы

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru