Тәуелсіздік толқынында: Arhiv 30
2021 жылдың 10 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-де, Қазақстан Республикасының 30-жылдығына арналған online-вебинары өтті.
Іс-шарада облыстың архив мекемелері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ және Д. Серикбаев атындағы ШҚТУ оқытушылары мен студент- магистранттары қатысты.
Вебинарды, құттықтау сөзімен Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ директоры Самат Нурланович Рахметов бастады.
Қазақстан және Ресей тарих ғылымының кандидаты, Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің оқытушысы Канша Саветкановна Калиева «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві – жаңадан қадам басқан зерттеушілерге сөре алаңы» атты баяндамасын ортаға салды.
Облыстың мемлекеттік архивінің құжаттарымен өзінің зерттеу жұмысы жайлы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің сеньор-дәріскері, тарих магистры Айнур Татимбековна Казбекова айтып берді.
Облыстың мемлекеттік архивінің қызметкері Асем Шайкуалихановна Сейтказина Тәуелсіз Қазақстанның құрылу кезеңіндегі отандық архив жүйесінің даму тарихына арналған «Тәуелсіздік толқынында: Arhiv 30» фотоқұжаттық көрменің тұсаукесерін ұсынды.
Фотоқұжаттық көрменің материалдарымен облыстың мемлекеттік арзхивінің сайтында «Архивтік бейнематериалдар» айдарында толық танысуға болады.