Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

"Алтай Жоғары колледжі" студенттеріне дәріс-экскурсия

2021 жылдың 25 қазанында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалында "Алтай Жоғары колледжі" 2 - курс студенттеріне "Зырян қаласының және Зырян ауданының тарихы"тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында студенттер қаланың, оның көшелерінің тарихын, қаланың дамуына үлес қосқан танымал адамдар туралы тыңдап, оқу залындағы зерттеушілердің жұмысымен танысты. Оқушылар назарына архивте сақталатын қызықты құжаттар ұсынылды: 1890-1902 жылдар аралығындағы Зырян қаласы туралы фотоқұжаттар, инженер Пьер Копье жеке архивінде сақталған құжаттарын 2010 жылы оның немересі архивке тапсырған; өткен жылдардағы қаланың бірегей фотосуреттері бар фотоальбомдар. Фотоқұжаттар негізінде балалар қазіргі Алтай қаласы мен өткен ғасырлардағы қаланың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын байқай алды. Экскурсия жүргізер алдында студенттер архив мекемесі, оның мақсаты туралы ақпаратты тыңдады. Архив қоймасына экскурсия кезінде архивист О. Губарева балаларға архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету туралы айтып берді, архив қоймасына қойылатын талаптармен, сондай-ақ архивтегі жұмыстың маңыздылығы туралы айтып өтті. Іс-шара соңында экскурсанттармен өз өлкесінің тарихын не үшін білу керек және тарихи құндылығы бар құжаттарды сақтау қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгіме болды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2021
Рейтинг@Mail.ru